SMALL дүкендеріне БАРУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

SMALLСЖ дүкендеріне кіріп-шығу ережесі (мәтін бойынша ары қарай – Ереже) SMALL/Skif фирмалық маңдайша жазуы бар дүкендерге келушілердің жайлылығы пен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ «Скиф Трейд» ЖШС мүлкінің сақталуын, қызметкерлерінің және/немесе жеткізушілерінің аман-саулығын қамтамасыз ету үшін жасалды және қабылданды.
Бұл Ереже – дүкендерге кіріп-шығу ережесін бекітетін және реттейтін «Скиф Трейд» ЖШС локалды нормативті құқықтық актілерінің бірі, ҚР қолданыстағы заңнамасы сай дайындалған және қабылданған.

1. Дүкеннің сауда залына келушілер кіргізілмейді, егер:
    - Алкогольді, уытты және /немесе есірткі заттарын қолданған, мастану халінде болса;
    - Қоғамдық тәртіп пен азаматтардың тыныштығын бұзатын киімде немесе қоғамға анық құрметсіздік танытатын сырт келбетте (оның ішінде шомылатын киім немесе жағажай киіміне ұқсас киімде, жартылай жалаңаш немесе түгелдей жалаңаштанған түрде) болса;
    - Жануарлар мен құстарды алып келсе;
    - Мүмкіндігі шектеулі жандар немесе балалардың қозғалу құралы ретінде пайдаланылатын мүгедек арбасы, балалардың серуендік бесікарбаларынан басқа, қозғалу құралы ретінде роликті коньки, самокат, скейт-борт және басқа да қозғалу құралын қолданатындар;

2. Сауда залына «КІРУ» деп ерекшеленіп көрсетілген өткел арқылы кіреді;

3. Дүкенге келушілердің жеке қауіпсіздігін сақтау, дүкен мүлкінің түгелдігін, оның жұмысшылары және/немесе жеткізушілерінің амандығын сақтау мақсатында, сондай-ақ сауда залынан тысқары шыққан кезде жеке заттарды тексеру мүмкіндігін болдырмау мақсатында сатып алушылар жеке заттарын қысқа мерзімдік сақтау кабинасына қоя алады.
Қауіпсіздік қызметі, дүкенге келушілердің қауіпсіздігін, SMALL СЖ мүлкінің, оның қызметкерлері және/немесе жеткізушілерінің амандығының сақталуын қамтамасыз ету міндетіне кіретін басқа да материалды жауапты қызметкер көзбен көріп-тексеру үшін сатып алушыдан үлкен көлемдегі қапталмаған сөмкені, кез келген басқа да қапталмаған затты беруін сұрауға құқылы.

4. Дүкенге келушілерге мүлдем тыйым салынады:
    - дәрімен атылатын, газ, шаншылатын-кесетін немесе басқа да қаруды, жарылу қаупі бар, тез тұтанатын, улайтын, иісі өткір заттарды, сондай-ақ құрамында осыған ұқсас заттары бұйымдарды және т.б. өзімен бірге алып келуге және қолдануға;
    - сауда залында сусын, оның ішінде алкогольді сусынды ішуге;
    - темекі тартуға;
    - тауарлардың ақысын төлеген сәтке дейін тауарлар қаптамасының бүтіндігін, штрихты сәйкестендіру кодын бұзуға;
    - тауар залынан тысқары жерге ақысы төленбеген тауарларды алып кетуге;
    - тауарларды ақысы төлегенге дейін пайдалануға;
    - тұлғалардың дүкен ішінде сатып алушының жеке нақтылауымен байланысты емес, коммерциялық және басқа да мақсаттарда фото/бейне түсірілім жасауына тыйым салынады. Коммерциялық сипаттағы түсірілімдер міндетті түрде SMALL сауда желісі Маркетинг бөлімімен келісіледі;
    - әдепсіз сөздерді айтуға, басқа да келушілерді, дүкен қызметкерлерін балағаттауға;
    - тауарларды және сатып алушыларға тиесілі басқа да заттарды сөмкелерге, қалталарға, портфельдер сұрыптауға;
    - тауарларды сұрыптауға арналған және тиісті орындықпен жабдықталмаған арбаларда (себеттерде) балаларды тасымалдауға (көтеріп апаруға);
    - тауар сұрыптауға арналған арбаларды қозғалыс құралы ретінде пайдалануға.

5. Дүкеннің мүлкін (тауарын) бүлдіріп немесе бұзып алған сатып алушы келтірілген шығынды өтеуге міндетті.

6. Қызмет көрсету сапасы мен тәртібіне қатысты ескертулер мен ұсыныстар туындаған жағдайда тұтынушылар «Шағымдар мен ұсыныстар кітабын» қолдануға құқылы.

7. Аталған ережелер бұзылған жағдайда, дүкен әкімшілігі тұтынушыға қызмет көрсетуге және дүкеннен шығып кетуін сұрауға құқылы.

8. Бұл ереже «Сатып алушы бұрышына» және www.small.kz сайтына орналастырылған.