Жалға берушілерге

Компания өзінің дүкендерін Алматы, Астана, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Талдықорған, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Өскемен, Семей қалаларында ашу үшін сауда алаңдарын жалға алу және сатып алу ұсыныстарын қарастырады.
Skif Discount Магазин у дома Оптомаркет Супермаркет

Ауданы:
Участок: 600 м2 бастап
Жалпы: 500-ден 3000 м2 дейін
Сауда: 300-ден 2000 м2 дейін
Қойма және қызметтік бөлмелер: шамамен 300 м2 бастап
Ғимарат (орынжай):
Сауда залы: дұрысы бір көлемде, төбесінің биіктігі 4,0 метрден төмен емес, сауда залының қажетті конфигурациясы – дұрыс тікбұрыш, еркін жоспарлау, негізгі тосқауыл қабырғасы жоқ.
Қойма: сауда залына кіретін есігі бар бөлме және бөлек кіретін есігімен тауар жеткізу мүмкіндігі қарастырылған, ғимараттың артқы жағында көліктен тауарды түсіруге арналған қақпасымен немесе бір үлкен жүк көлігінен жүк түсіруді қамтамасыз ететін дебаркадерімен.
Ғимараттың алды: ғимараттың алды көшенің немесе алаңның жүретін жағына кіретін, жарнама орналастыруға ыңғайлы, көлік қиылыстарында көретіндей, қоғамдық көлік тоқтайтындай болуы керек.
Электр қуат беру: міндетті қондырғы қуаты 90 кВт бастап, электр қуатын арттыру мүмкіндігі мақұлданады.
Жер учаскесінің орналасуына қойылатын талап:
  1. Ірі автомагистральдардың қиылысы.
  2. Көлік торабының жақындығы.
  3. Жеке және қоғамдық көліктің кіруіне ыңғайлы, жаяу жүру трафигі жоғары.
  4. Автокөлік қоятын орны бар.
  5. Жүк түсіру торабына ыңғайлы және бос кіреберістің болуы.
Келісімшарттық қатынастарға қойылатын талап (жалға алған жағдайда):
  1. 5 жылдан бастап ұзақ мерзімге жалға алу келісімшарты;
  2. Жалға алу келісімшартында Компания дүкендерінде қойылған барлық тауар тобына және қосалқы жалға алушылардың орналасуына шектеусіз сауда мүмкіндігі қарастырылуы керек.
Ұсыныстармен жалға алу жөніндегі менеджерге хабарласа аласыздар
тел.: +7 771 786 76 09
e-mail: s.arshimov@small.kz